Қазақстандағы "сары" аймақтағы қалалар өзгерді

11 сәуір 2021, 12:21

Жамбыл облысы "сары" аймаққа кірді. Бұған дейін өңір "жасыл" аймақта болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 сәуір таңертеңгі жағдай бойынша, Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы келесідей:

"қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;

"сары" аймақта: Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары,

"жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан, Қостанай және Түркістан облысы.