Денсаулық

Қазақстандық ғалым коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады

  • Қазақстандық ғалым коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады

    Қазақстандық ғалым коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады

Қазақстандық ғалым Қайсар Табынов вакцинаның тағы бір үлгісін, тыныс алу жолдарына, яғни мұрнына салды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Бүгін зертханалық жануарларды тағы бір иммундау үшін COVID-19-ға қарсы (нанобөлшектерге негізделген интраназальды) NARUVAX-C19/Nano вакцинасының үлгілерін дайындадық. Күтпеген жерден вакцинаның қалдықтарын өзіме егуді шештім, босқа қала ма енді (20 мкг Spike/RBD ақуызы). IgA (секреторлық) класының антиденелерін қалыптастыра ала ма екен, қызық, олардың көпшілікке белгілі IgG-ден айырмашылығы, IgM антиденелері тыныс алу органдарының шырышты қабығындағы COVID-19 вирусын бейтараптандыруға және сол арқылы инфекцияны ары жібермеуге қабілетті, &ndash деп жазды Қайсар Табынов.



Ол қазір клиникалық зерттеулердің соңғы сатысында тұрған COVID-19-дың инъекциялық (бұлшықетке енгізілетін) вакциналарынан мұндай әсер көп дәрежеде жоқ екенін атап өтті. Дегенмен, инъекциялық препараттардың айқын артықшылықтары бар.Инъекциялық және интраназальды вакциналары үйлессе, осы препараттарға қарағанда анағұрлым толық иммундық реакцияға ықпал етуі мүмкін. Тәжірибе нені көрсететінін күтейік, &ndash дейді ол.
Еске салайық, коронавирусқа қарсы екпе алған алғашқы қазақстандық &ndash Қайсар Табынов болған. Оған COVAX-19 атты препарат егілді. Вакцина Аустралияда жасалған және ол қазіргі уақытта клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтіп жатыр.


BAQ.KZ




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 08:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31