Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандық ғалымдар жара мен күйікті жазатын бірнеше инновациялық құрал ойлап тапты

15 қазан 2021, 10:57

ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған бірнеше инновациялық құрал әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған бірнеше инновациялық құрал әзірледі. Олардың бірі – X-Graft биологиялық жабыны. Ол клиникалық зерттеулерден өтіп, көп ұзамай Қазақстан Республикасында тіркеледі. Зерттеу нәтижелері аталған биологиялық материалды қолдану жараны емдеу процесін едәуір тездететінін көрсетті. Сонымен қатар науқастардың ауруханада емделу кезеңін қысқартады.

«Орталық ғалымдары әзірлеген X-Graft жабыны заманауи инженерлік технологиялар көмегімен коллаген және эластин талшықтарынан жасалған. Таңу материалы терең және ұзақ уақыт емделмейтін жараларға арналған, сонымен қатар трофикалық жараларды уақытша таңу үшін қолданылады. Жабын қолданыста ыңғайлы, дәке таңғышпен салыстырғанда жараның бетіне жабыспайды. Емдік қасиеттері бойынша аталған биологиялық жабын шетелдік аналогтардан кем түспейді және беріктігі жоғары, икемді әрі абсорбцияға ие», – деді ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов.

Сондай-ақ Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған «Фиброспрей» жасушалық препаратын ойлап тапты. Аэрозоль адамның тері жасушаларының (фибробласттар) суспензиясынан тұрады және жараның сауығу процесін екі есе жылдамдатады. Сонымен қатар клиникалық тәжірибеде бұл препарат тері трансплантацияларын тездету үшін қолданылады.

Орталық ғалымдары сонымен қатар бағаналы жасушаларды қолдану арқылы күрделі сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын қалпына келтіру технологиясын жасады. Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері бойынша биокомпозитті жасушалық гидрогель жоғары тиімділігін көрсетті. Гидрогельдің құрамындағы бағаналы жасушалар сүйек немесе шеміршек тіндерінің қалпына келу процесін тездетеді. Арнайы технологияның арқасында препарат операциядан кейін үш-алты ай ішінде зақымдалған сүйек пен шеміршек тінін қалпына келтіреді.