Денсаулық

Қазақстандық ғалымдардың COVID-19-ға қарсы вакцинасы оң нәтиже көрсетті - министр

 Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина жақсы нәтиже көрсетті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Өздеріңіз білетіндей, қысқа мерзімнің ішінде ғалымдарымыз COVID-19-ға қарсы 2 вакцинаны дайындады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ол вакциналар бойынша шешім қабылдап, өз тізіміне енгізді. Біздің инактивтелген вакцинамыз қазіргі уақытта клиникаға дейінгі кезеңнен өтіп, өте жақсы нәтижені көрсетті. Суббірліктік вакцинамызға клиника алдындағы зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Мұнан бөлек, үш платформа бойынша вакцина дайындау үстіндеміз», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде. Оның атап өтуінше, клиникаға дейінгі сынақ нәтижесі аталған вакциналардың қауіпсіз екендігін көрсеткен. «Алдын ала нәтижелері өте жақсы. Аталған институттың базасында био-фармацевтикалық зауыт салынып жатыр. Ол GMP стандарты бойынша иммундық-бологиялық препарттар шығаратын болады», - деді Асхат Аймағамбетов.

inform.kz




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

сенбі, 22.08.2020, 17:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31