Денсаулық

Қазақстандық кәсіпкерлер міндетті вакцинациялау мерзімін ұзартуды сұрауда

  • Қазақстандық кәсіпкерлер міндетті вакцинациялау мерзімін ұзартуды сұрауда

    Қазақстандық кәсіпкерлер міндетті вакцинациялау мерзімін ұзартуды сұрауда

Шілде айының 15-нен кейін вакцина алмаған қызметкерді жұмысқа кіргізгені үшін жұмыс берушіге 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынбақ. Ал вакцинациядан өтпеген жұмысшы 15 мың теңгелік айыппұл арқалайды. Десек те кәсіпкерлер мерзімнің тым қысқа екенін айтып, қызметкерлерді вакцинациядан өткізу уақытын ұзартуды сұрап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына бағынбайтын, вакцинацияланбаған немесе 7 күн сайын ПТР тестілеуден өтпеген қызметкерлерді жұмыс істеуіне рұқсат бергені үшін басшылар жауапкершілікке тартылады", - деді ҚРденсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

 
Кәсіпкерлер мұндай шараларға дайын еместігін жеткізді. Олар қызметкерлерді міндетті вакцинациядан өткізу мерзімін ұзартуды сұрап отыр. Бүгінгі таңда қоғамдық тамақтану саласында екі миллион адам жұмыс істейтін көрінеді. Жарты айда бәріне вакцина егу мүмкін емес, дейді рестораторлар. Оның үстіне, кәсіпкерлер бәрін екпе алуға мәжбүрлей алмайды.

"Біз вакцина алу керек дегенді қолдаймыз, бірақ мұны қысқа мерзімде жүзеге асыру мүмкін емес. Физикалық тұрғыдан бұл мүмкін емес. Қазір кәсіпкерлер скринингті өз қаражатына жүргізіп жатыр. Скрининг жүргізбеген адамдардың дене қызуы көтеріліп, ауруханаға түскен жағдайлары кездеседі. Бұл мерзім кем дегенде 1-15 қыркүйекке дейін ұзартылуы керек", - дейді ҚР қоғамдық тамақтандыру ассоциациясы төрағасының кеңесшісі Вероника Нүрпейісова. 

Еске салсақ, бұған дейін бас санитардың жаңа қаулысы бойынша 15 шілдеге дейін вакцина салу міндеттелген еді. 

Stan.kz




Көрілген: 1095    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 11:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30