Денсаулық

Қазақстандық вакцина халыққа қашан егілетіні белгілі болды

  • https://tengrinews.kz/

    https://tengrinews.kz/

Отандық "QazVac" вакцинасы сәуірдің соңында халыққа қолжетімді болады. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Сәуір айының соңында біздің вакцина "СК-Фармацияның" қоймаларына жеткізіледі. Сол жерден жан-жаққа таратылады. Яғни, сәуір айының соңғы күндері немесе келесі айдың басында вакцина егілуге беріледі", – деді Закарья орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

 

Осы орайда институт басшысы отандық вакцинаны күтіп жүрген азаматтарға өз алғысын білдірді.

 

"Отандық вакцинаны алуға ниет білдірген азаматтарға көп рақмет айтамыз. Олар қазақстандық вакцинаны, қазақстандық ғалымдарды қолдап отыр. Дегенмен мен ешкімді үгіттей алмаймын. Адамдар қай вакцинаны алатынын өздері шешеді", – деп атап өтті Закарья.

 

Ал білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов отандық "QazVac" вакцинасын клиникалық зерттеуден өткізу тәртібін түсіндіріп берді. Оның айтуынша, зерттеудің үшінші кезеңі 9 шілде күні толығымен аяқталады. Одан кейін денсаулық сақтау министрлігі барлық құжатты зерделеп, вакцинаны жаппай шығаруға шешім қабылдайды. Дегенмен үшінші кезеңнің жартысына келгенде вакцинаны медициналық мақсатта пайдалануға болады. Ол уақыт 15 сәуірге келіп тұр.

 

"Негізі, бұл – әлемдік тәжірибе. Көптеген мемлекет клиникалық зерттеудің үшінші кезеңін аяғына дейін жеткізбей, жартысына келгенде вакцинаны медициналық мақсатта шығаруға кірісіп жатады. Жалпы бүгінде клиникалық зеттеудің үшінші кезеңін толығымен аяқтаған бірде-бір вакцина жоқ", – деді Дәуленов.

 

Айта кетейік, QazVac-тың алғашқы партиясы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының өзінде жасалды. Көлемі – 50 мың дана. Алдағы уақытта отандық вакцинаны Түркия кәсіпорындарында көптеп шығару жоспарланып отыр.

 

 




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 17:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30