Денсаулық

Қазақстандық вакцинаның артықшылығы неде?

  • https://kapital.kz/

    https://kapital.kz/

Ертеңнен бастап елімізде коронавируске қарсы қазақстандық вакцина салына бастайды. Әзірге ел өңірлеріне екпенің 50 мың дозасы жеткізілді. Отандық вакцинаның артықшылығы неде?

 

Елімізде коронавируске қарсы вакциналау ақпанның бірінде басталып кетті. Бүгінге дейін азаматтарыға ресейлік «Спутник Ви» екпесі салынған болатын. Ал ертеңнен бастап, отандық QazVac вакцинасы егіле бастайды.

 

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестрінде тіркелген. Ғалымдар екпені жасау үшін соңғы 60 жыл ішінде зерттелген әрі қауіпсіз компоненттерді қолданды. Құрамында инактивті вирус бар.

 

Ал ресейлік «Спутник Ви» екпесіндегі вирус белсенді.

 

Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары:

 

- «Спутниктің» бірінші компоненті аденовирустың 26-серотипі, екінші компоненті 5-серотипіменен ерекшеленеді. 2 компонентті бірінен соң екіншісін алуымыз қажет. Бірінші компонентті екі рет салуға болмайды. Арасында 21 күн болу қажет. Егер белгілі бір себептермен 2 компоненті салынбаса, онда оны 60 күн аралығында салуға болады.

 

Отандық вакцина жасушалық иммунитетті қауіпсіз түрде қоздырады. Оны арнайы тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Екпені жеткізу үшін күрделі қондырғылар қолданылмайды. Температурасы 2-8 градустық техниканың болғаны жеткілікті.

 

Клиникалық зерттеулердің нәтижесінде «QAZVAC» вакцинасының бірінші компонентін алғандарда вирусты бейтараптандыратын антиденелердің пайда болатыны анықталды. Екінші рет екпе салынған соң оның  деңгейі тұрақты түрде өсетіні дәлелденді.

 

Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары:

 

- Инактивтелген «Казвак» вакцинасының да ерекшелігі бар. Оның ерекшелігі елімізде былтыр ең бірінші ауырған науқастардан бөлінген вирус ғылыми институттың базасында арнайы биологиялық қауіпсіздікті сақтай отыра өңделген. Бұрынғы биологиялық қасиеттерінен айырылған. Бұл вакцинаның құрамындағы инактивтелген вирустың ешқандай ауру шақыратын қасиеттері жоқ. 

 

Қорытындылай келгенде екі вакцина да бұлшық етке салынатынын атап айтуға болды. Қос екпе ағзаға қауіпсіз әрі антидененің пайда болуына әсер етеді. Алайда оларды жасағанда 2 түрлі вирус қолданылды.

 

Айта кетейік, отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы еліміздің барлық өңірлеріне жеткізілді. Мамыр айында тағы 50 мың доза шығарылады деп жоспарланып отыр. Кейін өндіріс қуаттылығын 500-600 дозаға дейін арттыру көзделген.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 973    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 08:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30