Денсаулық

Қазақстандықтардың антибиотиктерге төзімділігі пайда болды

  • Қазақстандықтардың антибиотиктерге төзімділігі пайда болды

    Қазақстандықтардың антибиотиктерге төзімділігі пайда болды

Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде қазақстандықтар барлық қолданыстағы антибиотиктерге төзімділігі пайда болған. Мұндай таңқаларлық мәлімдемені диагностикалық орталықтардың бірінің қызметкері жасады. Ол пациенттердің бірінің тест нәтижелерін желіге жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Лаборатория қызметкері Алексей Балась Facebook-тегі парақшасында пациенттердің бірінің тест нәтижелерін жариялады. COVID-19 жұқтырып, жазылып шыққан науқастың негізгі антибиотиктердің бәріне беріктігі анықталды. Бұл егер осы адам ауырса оны емдейтін ешбір дәрі болмайды деген сөз. Алексей Баластың сөзінше, мұндай адамдар саны аз емес.

"Нақты санын қазір есептеп жатырмыз. Статистиканы алғымыз келеді. Әсіресе, бізді коронавирус инфекциясының кең таралған кезі қызықтырады. Ол кезде халық бактерияға қарсы препараттарды жаппай қабылдай бастаған. Және біз микроағзалардың төзімділігінің артып жатқан үрдісін байқадық", - деді Алексей Балась.

Лаборатория мамандары төзімділік адамның денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті. Егер беріктік қалыптасса ол уақыт өткен соң ыдырап кетпейді.

"Бактерия антибиотиктерге реакция білдірмейді, қандағы препараттардың концентрациясының жоғарылағаны қарамастан қысым көрсете бастайды. Антибиотиктердің басқа дәрілермен қоспанында даосындай жағдай болады. Бұл бактерияға қарсы терапияның пайдасыз болуына әкеледі", - деді Алексей Балась.

Дәрігерлер де жағдайды мойындап отыр. Антибиотиктерді жаппай қабылдау жағдайлары бар. Тіпті былтыр денсаулық сақтау министрлігі оларды сатуға шектеу қойған. Дәрігердің рецепті болмаса дәріханалар тауарды бермеуі керек. Бірақ бәрі бірдей тәртіпке бағына бермейді. Әсіресе, пандемия уақытындағы үрей кезінде жағдай бақылаудан шығып кетеді. Дегенмен, дәрігерлер мұндай науқастарға көмектесе алатынына сенімді.

"Кез келген жағдайда биоматериалдарға анализ алынады, соның көмегімен антибиотиктер тағайындалады. Адамның барлық антибиотиктерге төзімді болуы мүмкін емес. Антибиотиктердің толық көлемі бар, біз таңдап береміз", - деді дәрігер-эксперт Айдар Қарабаев.

Дәрігерлер жағымсыз әсерге тап болмас үшін антибиотиктерді жайдан-жай қабылдамауды сұрайды. Терапия тек бактерияның антибиотикке әсерін анықтайтын анализден кейін ғана тағайындалатынын ұмытпаған жөн. Коронавирустың қашан жойылатыны белгісіз, сондықтан өзімізді айығып шығу мүмкіндігінен айырмаған дұрыс.




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31