Денсаулық

Қазақстандықтарға қатты алаңдаудың қажеті жоқ – Елжан Біртанов

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты қазақстандықтарға қатты алаңдаудың қажеті жоқтығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Біз бастапқыда бұл жаңа штамм - жаңа коронавирус екенін айтқан едік. Бұл әлемде бұрын ашылған штамдардан өзгеше. Тиісінше, аурудың белгісі де әртүрлі. Сондықтан біз ДДСҰ-дан, инфекция тіркелген елдердің денсаулық сақтау министрліктерінен ақпарат аламыз. Бізде бар мәліметтер осындай сипатқа ие: пациенттердің басым бөлігі симптомсыз, жұмсақ өткеріп, емдеуді қажет етпейді. Қазір коронавирус инфекциясымен бетпе-бет келген көптеген елдің хаттамаларында олар, негізінен, үйінде карантинге жатады. Яғни, жеңіл белгілерімен ауруханаға жатудың қажеті жоқ. Бұл спецификалық тұрғыда емдеудің қажеті жоқтығын білдіреді», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

 

Министр кез келген ауру сияқты, коронавирус инфекциясын жұқтырудың қалыпты және ауыр дәрежесі болуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл негізінен ағзаның иммундық жүйесінің күйіне, созылмалы аурулардың болуына байланысты.

 

«Сондықтан біз қазақстандықтарға қатты алаңдаудың қажеттігі жоқтығын айтқым келеді. Бұл - респираторлық вирустық инфекция. Ол әртүрлі қалыпта болады. Айталық, тұмау - сәл ауыр түрі. Көбірек су ішіп, маза кетсе қабынуға қарсы препараттар қабылдау керек. Егер жоғары температура, жөтел сияқты ауыр белгілер байқалса, жедел жәрдем шақыру керек», - деді министр.

 

Еске сала кетсек бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім еткен еді.

 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 15:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30