Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді

25 тамыз 2020, 18:26

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы қаулысы.

 

Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

 

1) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері:

 

1) қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылдауды;

 

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастауды қамтамасыз етсін.

 

3) осы Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2 және 3-қомысшалармен толықтырылсын.

2. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) 24-тармақтың 26) тармақшасы алынып тасталсын;

 

2) осы Қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 43-қосымшамен толықтырылсын.

 

3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова