Қазақстанның екі өңірі коронавирус бойынша "қызыл " аймаққа енді

17 мамыр 2021, 11:06

Шымкент пен Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл " аймақтан "қызыл " аймаққа өтті.

 

Ақтөбе, Алматы және Павлодар облыстары аса қауіпті аймақтан шығып, "сарыға" ауысты.

 

17 мамырдағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұр.

 

"Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары.

 

"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

 

Бұған дейін республикада бір тәулік ішінде 25 адам Covid-19 және коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмониядан қайтыс болғаны хабарланды.

 

Қазір Қазақстан бойынша 38 888 адам коронавирустан емделіп жатыр.

 

Сондай-ақ елде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау жүргізіліп жатыр. Вакцинаның бірінші компонентін 1 844 938 адам салдырды, 759 059 адам екінші бөлігін де салдырған.

 

 

 

 

sputnik.kz