Денсаулық

Қазақстанның жаңа бас санитарлық дәрігері тағайындалды

  • Қазақстанның жаңа бас санитарлық дәрігері тағайындалды

    Қазақстанның жаңа бас санитарлық дәрігері тағайындалды

 Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орта Азия университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының» жансақтау бөлімінде кезекші болып бастаған. 1997-1999 жылдары - Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық дәрігер, эпидемиолог болды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы медициналық орталығының құрылымында санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлімнің басшысы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау дирекциясы эпидемиологиялық бөлімінің басшысы, РМҚК санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

Stan.kz

 




Көрілген: 345    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 18:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31