Денсаулық

Қазақстанның коронавирусқа қарсы екпесі үздік 200 вакцина қатарына енді

  • https://rus.azattyq.org/

    https://rus.azattyq.org/

Қазақстанның коронавирусқа қарсы дәрісі инфекциядан арылуға көмектесетін 200 тәжірибелік вакцина қатарына енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина тізімін The Washington Post басылымы жасап шыққан. Америкалық газет қазақстандық вакцинаны әлсіреген және белсенді емес вирустық вакциналар санатына қосқан.

 

Оның құрамында өлі вирустар болады. Олар иммундық жүйеге инфекциядан қалай қорғану керектігі жайлы белгі бере алады екен. Айта кетейік, отандық вакцинаны жасау наурыз айында қолға алынған болатын.

 

Оны әзірлеумен Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты айналысуда.

 

Аталған ведомствоның хабарлауынша, бүгінде жаңа дәрі өзінің қауіпсіздігін дәлелдеп қана қоймай, антиденелердің жоғары деңгейін көрсеткен.

 

Жалпы The Washington Post басылымы мәліметі бойынша бүгінгі таңда әлемде 170-тен астам коронавирустық вакцина түрлі сынақтан өтуде. Оның жетеуі вакцина дені сау жастарға, 12 вакцина тәуекел тобына кіретін адамдарға сыналып жатыр. Тағы 7 вакцинаның тиімділігін анықтау үшін олар мыңдаған адамға қолданылуда.

 




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.08.2020, 21:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31