Қазақстанның он екі өңірінде "стелс-омикрон" анықталды

10 маусым 2022, 10:31

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, биыл сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингі нәтижесі бойынша коронавирустың әртүрлі штамдары анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Барлық өңірде BA.1 "омикрон" штамы – 98,6%, оның ішінде 12 өңірде BA.2 "стелс-омикрон" – 36,7%, B.1.617-Delta – 1,4% анықталды.

 

"ПТР скринингі нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша BA.2 "стелс-омикрон" штамының 93,8%-і (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 "омикрон" штамының 6,2%-і (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды", - делінген хабарламада.

 

Министрлік эппидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, коронавирусқа қарсы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді.

 

Айта кетері, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 түрі бар (Pfizer, Синофарм және QazVac). Соның ішінде екеуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.