Денсаулық

Қазақстанның оңтүстігінде аса қауіпті жұқпалы дерт тіркелді - бас санитарлық дәрігер

  • © Sputnik / Варвара Гертье

    © Sputnik / Варвара Гертье

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин елдің оңтүстік өңірінде тұрғындар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"9 жағдай тіркелді. Қызылорда облысында 4 адам және Түркістан облысында 4 адам жұқтырған. Тағы бір адам бұл ауруды Өзбекстан Республикасынан жұқтырыпты", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Осы орайда Жандарбек Бекшин шетелге шығатын қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді.


"Өте жұқпалы аурулардың бар екенін естен шығармауымыз керек. Мысалы, денге безгегі. Соңғы екі жылда 9 қазақстандық турист осы ауруға шалдықты. Қазақстандықтар Үндістан, Таиланд, Вьетнам, Сингапурде болып, экзотикалық дертті жұқтырған", - деді бас санитарлық дәрігер.


Сонымен қатар Бекшин тырысқақ жұқтырған 10 науқас тіркелгенін атап өтті.


"Бұл жағдай қыста тіркелді. Үндістандық туристер Шымбұлаққа келгенде белгілі болды. Осы ауру дер кезінде анықталып, Қазақстанның басқа өңірлеріне тарауға жол берілмеді", - дейді ол.


Сөз соңында бас санитарлық дәрігер шетелде демалғысы келетін туристерге дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына кіріп, тиісті ақпарат алуға кеңес берді.


 




Көрілген: 671    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 18:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30