Денсаулық

"Кеңінен таралуы мүмкін": Бекшин "дельта" штаммының жаңа түрі туралы айтты

  • "Кеңінен таралуы мүмкін": Бекшин "дельта" штаммының жаңа түрі туралы айтты

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин COVID-19 "дельта" штаммының жаңа нұсқасы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына Ресейде анықталған AY.4.2 дельта штаммының жаңа түрі туралы айтып берді. Бекшин дельта штаммының жаңа түрінің қаладағы аурушаңдыққа қалай әсер етуі мүмкін екендігі туралы түсініктеме берді.

 
"Қазір денсаулық сақтау министрлігі мен Роспотребнадзор AY.4.2 штаммын анықтады, бұл дельта штаммының нұсқаларының бірі, ол 10-15 пайызға агрессивті, вирулентті, жұқпалы. Бұл кәдімгі дельта штаммның ауыр түрі. Бұл жағдайды Ұлыбритания ғалымдары растады.Б ұл вирус Ресей Федерациясында да зертханалық түрде расталды. Бүгінгі таңда еліміздің солтүстік аймақтарында аурушаңдық жоғары. Әсіресе Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында", - деді Бекшин.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері атап өткендей, бұл штамм басқа да облыстарда кең таралуы мүмкін.

"Әрине, 4.2 нұсқасы агрессивті. Бізге "альфа", содан кейін "дельта" штаммы келгенде, жаңа толқындар пайда болды. Қазақстанда бұл штаммның кең таралуы әбден мүмкін. Біз аз уақытта мүмкіндігінше көп халықты вакцинациялауымыз керек. Егер азаматтардың бойында антиденелер болса бұл штамм таралмайды", - деп түйіндеді Бекшин.

Қазан айында британдық ғалымдар AY.4.2 нұсқасы елдегі COVID-19 ауруының көбеюіне себеп болуы мүмкін деген болжам жасады. Содан кейін жаңа нұсқа Ұлыбританиядағы инфекциялардың 10 пайызында тіркелді.

Stan.kz




Көрілген: 3113    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 23:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31