Денсаулық

"Кейде көңілге тиеді": Денсаулық сақтау министрі дәрігердің жанайқайына жауап берді

  • "Кейде көңілге тиеді": Денсаулық сақтау министрі дәрігердің жанайқайына жауап берді


Жақында қазақстандық дәрігер өз жұмысының бар қиындықтарын ашып айтып, желіде пост жариялады. Ол артық жұмыс істейтінін, үнемі күйзелісте жүретінін жеткізіп, жақсылық түсінбейтін арсыз науқастарға шағымданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.



 


 

 

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Медициналық қызметкердің жазбасы "Жанайқай" тақырыбымен жарияланды.


Аталған пост денсаулық сақтау министрінің де назарына ілікті. Осылайша, ведомство басшысы Елжан Біртанов өзінің Facebook парақшасында дәрігерге жауап берді.


Министр дәрігердің шағымдарын оқып шыққанын жеткізіп, өз ісіне адалдығы үшін қызметкерге алғысын білдірді. Ол медиктің жұмысы өте қиын екенін атап өтті.


Біртановтың айтуынша, кейбір науқастардың іс-әрекеттері мен сөздері кейде көңілге ауыр тиіп жатады. Оны өз тәжірибесінен жақсы білетін көрінеді.


Ол желіде жарияланған пост авторының жұмысындағы қиындықтарды өткеріп, қызметін ары қарай жалғастыратынына сенім білдірді.


Министрдің айтуынша, әйелдің жазбасын оқып, оның өз ісіне адал екенін байқауға болады.


"Сіз сияқты кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие және біздің медицинамыз бен адамдар үшін аса қажет", – деген денсаулық сақтау министрі дәрігерге зор денсаулық пен сабырлық тіледі.


 






Көрілген: 263    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.12.2019, 12:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31