Денсаулық

Қиясов әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отырғанын айтты

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

COVID-19 вирусының үшінші толқыны болу қаупі туындады.

 

Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.

 

Әсіресе, вакцинация деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші күрт артты. Жер жүзінде 176 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, күн сайын 290 мыңнан аса жаңа дерек тіркеліп отыр. 3,8 миллионнан астам адам көз жұмды. Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан қауіпті жағдай бізді алаңдатып отыр. Ресей мен Қырғызстанда ауру таралу көрсеткіші өткен жылдан да асып түсті, - деді ол.

 

Сондай-ақ Қиясов Қазақстанның қазіргі эпидемиологиялық ахуалы тұрақты екенін, тұрғындар арасында вирус жұқтыру төмендегенін айтты.

 

Алайда, жаз айларында біздің көптеген отандасымыз алыс-жақындағы шет мемлекеттерге барып демалуға ағылады. Соның ішінде, СOVID-19-дың таралуы бойынша эпидемиологиялық ахуалы алаңдатарлық елдер де бар. Мұны ескермеуге болмайды, - деп мәлімдеді еліміздің бас санитариялық дәрігері.

 

Шетелде демалуға ниетті азаматтарды өзінің және жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырған ол, вакцинация адам ағзасын вирусқа қарсы қорғанышын қамтамасыз етіп,    саяхатты қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретінін айтты. Сол себепті жазғы демалысты алаңдамай, ойдағыдай өткізу үшін COVID-19-ға қарсы екпе алуға шақырды.

 

Вакцинация сізге әуежайларда еш қиындықсыз елге оралуыңызға әрі өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпсіз сезінуіңізге мүмкіндік береді, - деді Қиясов.

 

 

 

BAQ.KZ

 




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 18:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31