Денсаулық

Қиясов вакцинаның халал немесе халал еместігіне қатысты сұраққа жауап берді

  • primeminister.kz

    primeminister.kz

Коронавирусқа қарсы халал вакциналар мәселесі қарастырылмайды, өйткені бұл жайтты қарастыру медицина саласының құзіретіне жатпайды, - деді Денсаулық сақтау вице-министрі және Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Вакциналардың халал немесе халал еместігін қарастыру жайы медицина саласының құзіретіне жатпайтынын дұрыс түсінуіміз керек. Көптеген ислам елдерінде вакцинация процедуралары жоспарланып, жүзеге асырылып жатады. Вакцинаны жасау өте қиын жағдайларда жүзеге асырылатындығын, бұл вакциналарға деген қажеттіліктің өзектілігін де ескеруді ұмытпаған жөн, өйткені инфекция жайылып, өлім-жітімнің деңгейі жоғарылаған соң да оған сұраныс артады, - деп түсіндірді Қиясов.

 

Ол медициналық қызметкерлердің қазіргі жағдайда вакцинаның тиімділігін әлдеқайда насихаттауға тырысатынын атап өтті, ал оның халал немесе халал еместігі жөнінде ақпарат берілмейді.

 

Егер вакцинаның құрамын меңзеп отырсаңыз, онда вакцина адамның аденовирусы негізінде жасалғанын айта аламыз. Сондықтан, вакцина құрамы қызықтыратын болса, бұл - адамның вирустары, - деп түсіндірді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Қинаят.

 

 




Көрілген: 3237    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.02.2021, 09:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30