Денсаулық

Климаттың өзгеруі психикаға кері әсерін тигізеді -зерттеу

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Әлемде жаһандық жылыну үлкен проблемаға айналғандықтан, оған алаңдаушылар қатары да артты. Мамандардың айтуынша, климаттың өзгеруі психикаға кері әсерін тигізеді. Ал бұл туралы алаңдау одан да зиян», деп жазады ВВС.


Мақалада автор Вустер университетінің психологы профессоры Сьюзен Клэйтонның баяндамасы туралы айтады. Оның баяндамасында климаттың өзгеруі ақпаратты өңдеу және эмоционалды реакциялардан кейін шешім қабылдау қабілетіне қауіп төндіріп тұр.


«Климатты алаңдау – климаттық депрессия сияқты. Тіпті, қазіргі таңда климат бойынша психологтар да жұмыс істей бастағаны белгілі. Көбіне климаттың өзгеруіне қатты алаңдайтын адамдар қандай да бір экологиялық ұйымға мүше болып, белсенді жұмыспен айналысқанда ғана психологиялық тұрғыда өздерін жақсы сезіне бастайды», деп жазады автор.


Оның айтуынша, Нью Йорк университетінің Қоршаған орта гигиенасы клиникасының мамандары зерттеу жүргізген. Ғалымдар ойдан іске көшкен адамдарда ғана психологиялық тұрақтылық болғанын анықтаған.


«Адам қорыққанда түрлі қорғаныш механизмдері іске қосылады. Климаттық дағдарыста мұның еш пайдасы жоқ. Тіпті, кейбір адамдар өздерін қоршаған орта алдында кінәлі сезінеді екен. Негізінде, кінәдан гөрі жауапкершіліктің басым болғаны дұрыс», дейді Орегондағы Уилламетт университетінің психологы Сбюзен М.Когер.


ҚазАқпарат

 




Көрілген: 241    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 10:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30