Денсаулық

Коронавирус анықталғандардың бірі бортсеріктен

  • https://lenta.ru/

    https://lenta.ru/

Алматыда 20 наурызда тағы үш адамнан коронавирус анықталды. Олардың бірі - бортсерік, деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

 

"Берлин-Алматы чартерлік рейсінің бортсерігі. Ол 12 наурыздан бастап жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болды", - деді Әбілдаев.

 

Екінші науқас - 1997 жылы туған ер адам. Ол 19 наурызда түнде Париж – Минск – Алматы рейсімен ұшып келді. Провизорлық ауруханаға карантинге жатқызылды. Бүгін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды", - деді басқарма басшысы.

 

Үшінші пациент Алматы қаласының тұрғыны, ол шетелден келген адамдармен байланыста болған. Құрғақ жөтел, тамақтың қырылдауы, кеуде тұсының ауруы, құлақтың бітелуі сияқты вирус белгілеріне байланысты 18 наурызда одан COVID-19-ға сынама алынды. Нәтижесі оң болып, науқас дереу стационарға оқшауланды.

 

"Алматы қаласында коронавирус анықталған жиырма науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ал екі науқас орташа жағдайда жатыр", - деді басқарма басшысы.

 

Қазір қалада провизорлық карантинде 696 адам, үй карантинінде 1108 адам жатыр.

 

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жетті. 25 адам – Нұр-Сұлтанда, 22 адам – Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.

 

sputnik


 




Көрілген: 251    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 17:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30