Денсаулық

Коронавирус: Атырау облысында 18 жүкті әйел мен 49 бала ауырып жатыр

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

«Жасыл» аймақтағы Атырау облысында 18 жүкті әйел мен 49 бала коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте – 3 қарашада қауіпті вирусқа 19 адам шалдыққан. Оның ішінде Атырау қаласынан 11 тұрғын, Теңіз кен орнының 4 жұмысшы бар.

 

Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 2, Индерде – 1, Исатай ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылған.

 

«Қазір үй жағдайында 176 адам, инфекциялық стационарларда 181 науқас емделіп жатыр. Өңірдегі модульдік ауруханада – 104, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда – 78, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 26, №2 облыстық ауруханада 3 пациент оқшауланған» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

 

Сондай-ақ, 18 жүкті әйелден коронавирус инфекциясы анықталып отыр.

 

Қазір 13 жүкті әйел инфекциялық стационарларда оқшауланса, 5-еуі амбулаториялық ем-дом алып жатыр.

 

Қауіпті вирусты жұқтырған балалардың саны – 49.

 

Инфекциялық стационарларда 5 бала жатыр. Ал, 44 бала амбулаториялық емделуге жіберілген.

 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коронавирус жұқтырған 13 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған болатынбыз.

 

 

 

 




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 19:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31