Денсаулық

Коронавирус: Бүгіннен бастап қосымша карантин шаралары енгізіледі

  • Коронавирус: Бүгіннен бастап қосымша карантин шаралары енгізіледі

    Коронавирус: Бүгіннен бастап қосымша карантин шаралары енгізіледі

Коронавирус инфекциясына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 14 қаңтардан бастап қосымша алдын алу шаралары енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен сауда орталықтары, сауда үйлері және сауда желілерінен басқа, жұмыс және демалыс күндері спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға, бассейндерге, сауналарға, моншаларға (вакцинацияның, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде жазылған адамдар) жұмыс режимі бойынша шектеусіз кіру үшін «жасыл» қауіпсіз мәртебесі болуы тиіс.

Қабылданған шаралар омикрон коронавирусының таралу және берілу жылдамдығының жоғары деңгейіне байланысты негізделген. Айта кететін жәйт, ғалымдар «Омикрон»-ның жоғары жұқпалы, таралу және берілу жылдамдығы «Дельта» штаммынан 5 есе жоғары, жұқтырғандардың саны әр үш-төрт күн сайын екі есе артуы мүмкін екенін атап өтті. Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатынын естеріңізге саламыз.

Соңғы тәулік бойынша республикада КВИ+ бойынша 9122 жағдай тіркелді. Енгізілетін шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға, аурулар санының ұлғаю қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеу үшін бағытталғанына назар аударамыз. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

sn.kz




Көрілген: 600    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 11:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31