Денсаулық

Коронавирус екпесін салдырғандарға еңбекке жарамсыздық парағы беріле ме

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

№4 Алматы қалалық емханасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Гүлжан Қартаева онлайн брифинг барысында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың өзекті мәселелері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Денсаулық сақтау басқармасының өкілі вакцинациядан кейін жанама әсерлер пайда болған жағдайда, а заматтар емханаға хабарласуы қажет екенін атап өтті.

 

Ол жерде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашып береді.

 

«Егер вакцина салынғаннан кейін пациенттің температурасы көтерілсе, онда ол еңбекке жарамсыздық парағын алуға құқылы», - деді Гүлжан Қартаева брифинг барысында.

 

Брифинг барысында оған вакцинаның бір компонентін Алматыда, екіншісін Нұр-Сұлтан қаласында жүрген жерінен салдыруға бола ма деген сауал қойылды.

 

«Егер адам бірінші компонентін Алматыда салдырса, екіншісінде сол жерде ғана салдыра алады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында вакцинаның екінші компонентін салдыра алмайды», - дейді спикер.

 

Алматы қаласы бойынша 2021 жылғы ақпан айының 1-нен сәуір айының 15 аралығында барлығы 108 069 адам вакцина алған.

 

Кеше – 10 924 адамға вакцина салдырыпты. Оның ішінде 9 985 құқық қорғау органдарының қызметкері, 11 178 – мұғалім, 13 951 – медицина қызметкері, басқа санаттағылар арасында - созылмалы аурулары бар науқастар мен тіркелген тұрғындар.

 

«Бүгінгі таңда Алматыда 203 пункт жұмыс істейді, онда 1 809 медицина қызметкері бар 406 егу бригадасы жұмыс істейді, дәрігерлерге еріктілер көмектеседі. ЖОО мен колледждерде мамандар 91 емхананың егу пункттерінде, сауда-ойын-сауық орталықтарында және қаламыздағы базарларында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 364 білім алушы интерндер мен резиденттер жұмыс істеуде. Барлығы 975 адам оқытылды», - деді Гүлжан Қартаева.

 

Сонымен қатар, ол алтыншы транш бойынша сәуірдің 13 күні қалаға вакцинаның 65 290 дозасы жеткізілгенін айтты.

 

Қазір вакцинаның қалдығы 68 330 дозаны құрайды.

 

Вакцинаның келесі траншы - 34 900 мың доза сәуірдің 23 күні келеді деп күтілуде.

 

 




Көрілген: 780    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 17:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30