Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Коронавирус инфекциясын емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілді

07 тамыз 2020, 13:53

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус індетін емдеуге арналған қандай дәрілер тегін берілетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамасына өзгертулер енгізілді. Әзірлеушілерге бұл санаттағы пациенттерді тегін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен, оның ішінде қазіргі уақытта Ксарелто деген сауда атауы бар «Ривароксабан» препаратымен қамтамасыз ету ұсынылды. Сонымен қатар отандық өндірушілердің баламасы да тіркелді. Оны бірыңғай дестрибьютор сатып алады. 10 тамызда тегін беру үшін медициналық ұйымдарға жеткізілетін болады», -деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.