Денсаулық

Коронавирус: Жазылып шыққан науқас қандай ем қабылдағаны белгілі болды

  • Коронавирус: Жазылып шыққан науқас қандай ем қабылдағаны белгілі болды

    Коронавирус: Жазылып шыққан науқас қандай ем қабылдағаны белгілі болды

 Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирустан айығып шыққан адамның денсаулығына қатысты түсінік берді.
Жазылып шыққан науқасқа вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен клиникалық хаттамаға сәйкес симптомды емдер қолданылды. Ол емдерді жақсы қабылдады, дәрілерге қарсы ешқандай теріс белгілері болмады. Одан коронавирусқа қарсы екі рет тест алынды, барлығының нәтижесі теріс болды, - деді ол.

Басқарма басшысы бұл науқастың қолдан демалдыратын ЭВЛ аппаратын қолданбағанын, ол кісіде жеңіл түрінде өткенін айтты.

Бүгінгі күні қаладағы медициналық мекемелерде 479 осындай аппарат бар көрінеді. Сонымен қатар, коронавирус анықталған адамдарды емдейтін 3 стационар жұмыс істеп тұр, 6 стационар адамдарды карантинге жатқызуға бағытталған, оған шетелден келген азаматтар жіберілуде.

Дегенмен ол, 1957 жылы туған өзге науқас қолдан демалдыру аппаратын пайдаланып жатқанын жеткізді.
ЭВЛ аппаратын қолданғаннан бері науқастың денсаулығы нашарлаған жоқ. Коронавирус жұқтырған кезде әсіресе тыныс алу жүйелерінің жұмысы қиынадайды. Бұл тыныс жолында созылмалы ауруы барлар арасында кездеседі. Бұл науқастың обструктивті бронхиті бар, міне осы оның жағдайын ауырлатуда, - деді Әбілдаев.

Сондай-а ол, қалада қолдан демалдыру аппараттары жеткілікті екенін, қажет болса өзге медициналық мекемелерден қосымша жеткізуге мүмкіндігіміз барын айтты.

Алматы қаласында осы уақытта коронавирус жұқтырған 40 жағдай тіркелген. Жалпы Қазақстан бойынша 109 адамнан вирус анықталған. Нұр-Сұлтан қаласында – 61, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.

BAQ.KZ




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 20:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31