Денсаулық

Коронавирус жұқтырған 14 адам Нұр-Сұлтанға қайдан келген

  • Коронавирус жұқтырған 14 адам Нұр-Сұлтанға қайдан келген

    Коронавирус жұқтырған 14 адам Нұр-Сұлтанға қайдан келген

 Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы вирус жұқтырған 14 адамға қатысты мәселенің мән-жайын баяндады – олардың кейбірі Италиядан және Еуропадан ұшып келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау басқармасы ауру жұқтырған 14 адамның барлығы қазақстандық екенін мәлімдеді.

Бес адамның инфекция жұқтырғаны ауруханада анықталды – олар карантинде жатқан.

Сынамалары оң нәтиже көрсеткенімен, дене қызулары мен жөтелдері болмаған.

Бір науқас ЖРВИ белгілерімен ауруханада жатқан. Дәрігерлер оның сынамаларын тексеруге жіберген, коронавирус расталған. Оның хәлі орташа-ауыр деп бағалануда.

Тағы төрт адам Италия мен Кореядан ұшып келгендіктен карантинде болған. Олар ұшақтан бірден ауруханаға жеткізіліп, инфекция анықталған.

Вирусқа шалдыққандармен байланыста болған және бұрын ауруханада карантинге жатқызуы талап етілмейтін елдерден келген тағы тоғыз қазақстандық Нұр-Сұлтан ауруханасына жеткізілді.

Жақын арада Нұр-Сұлтанда стационарға жатқызылатын адамдар санының өсу мүмкіндігі хабарланды. Себебі, қазір инфекцияны жұқтырған 14 адаммен байланысқа түскен тұлғаларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетті. Олардың 15-і Алматыда тіркелсе, 17-і Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Ал әлем бойынша, вирусты 180 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 7,1 мыңы инфекциядан көз жұмған. Ал 79 883 адам коронавирустан айығып шыққан.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1112    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 21:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30