Денсаулық

Коронавирус жұқтырған екі жастағы баланың жағдайы нашарлады

  • https://otyrar.kz/

    https://otyrar.kz/

Алматыда ағзасынан коронавирус табылған екі жасар баланың жағдайы нашарлады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы қаладағы 20 науқастың жағдайы тұрақты, екі науқастың жағдайы орташа екенін хабарлады.

 

"2018 жылы туған бала жөтеліп жатыр, жағдайы орташа ауыр. Рентген арқылы оң жақ өкпесі қабынғаны анықталды. Ал денсаулығы орташа деп бағаланған тағы бір науқастың жағдайы тұрақты, денсаулығы нашарлап жатқан жоқ",- деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Набира Есенова.

 

Бүгін Алматыда үш адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Арасында Берлин-Алматы чартерлік рейсінің бортсерігі бар. Ол 12 наурыздан бастап жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болған.

 

"Екінші науқас – 1997 жылы туған ер адам. Ол 19 наурызда түнде Париж – Минск – Алматы рейсімен ұшып келді. Провизорлық ауруханаға карантинге жатқызылды. Бүгін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Үшінші науқас – Алматы қаласының тұрғыны, ол шетелден келген адамдармен байланыста болған. Құрғақ жөтел, тамақтың қырылдауы, кеуде тұсының ауыруы, құлақтың бітелуі сияқты вирус белгілеріне байланысты 18 наурызда одан COVID-19-ға сынама алынды. Нәтижесі оң болып, науқас дереу стационарға оқшауланды", - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

 

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды.

 

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. 25 адам Нұр-Сұлтанда, 22 адам Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.

 

Алматыда провизорлық карантинде 696 адам, үй карантинінде 1108 адам жатыр.

 

sputnik

 




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 16:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30