Денсаулық

Коронавирус жұқтырғандардың ауру белгілері 2 жылға дейін сақталады – маман

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Коронавируспен ауырғандардың 20%-ында ауру белгілері ұзақ уақыт бойы сақталып қалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен «Вирустық аурулардың алдын алу, иммунитетті нығайту, постковидті асқынулар» туралы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Жіті респираторлық вирустық инфекциясы &ndash бүгінгі күні ең кең таралып отырған жұқпалы аурулардың бірі. Оны жұқтырмаудың алдын алу туралы айтқан кезде әлеуметтік қашықтықты сақтау, медициналық маска тағу, қол гигиенасын сақтау туралы және салауатты өмір салтын ұстану туралы айтамыз. Коронавирустан белсенді түрде қорғанып жүргеніміздіктен, биыл ЖРВИ-дің эпидемиологиялық маусымында тұмау вирусының циркуляциясы төмендеді. Бұл &ndash қолданып жатқан сақтық шараларының нәтижесі деуге болады», - дейді «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл.

 

«Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ-дің ішкі аурулар кафедрасының профессоры Сәуле Қасенова постковидті асқыну туралы мәлімет айтты.

 

«Коронавируспен ауырғандардың 20%-ында ауру белгілері ұзақ уақыт бойы сақталып қалады. Бұл дертпен ауырып, жазылып кеткендер бізден бұл дерттің клиникалық белгілері қашан кететіні туралы сұрайды. Бізде нақты мәлімет жоқ, бірақ Covid-19-бен ауырғандарда ауру белгілері 2 айдан 2 жылға дейін сақталып қалады. Мысалы, коронавируспен ауырған адам ұзақ уақыт бойы жөтеліп жүре беруі мүмкін немесе демікпе пайда болуы, әлсіздік пайда болуы мүмкін. осының салдарынан адам бұрын күнделікті істеп жүрген әрекеттерін істей алуы қиындай түсуі мүмкін. Коронавируспен ауырған адамдардың кейбірінде үнемі басы ауырып, басы айналып жүрсе, енді бірінің жүрек тұсы, кеудесі ауырып жүруі мүмкін. тіпті ұйқызы бұзылып, есте сақтау қабілеті нашарлап кететіндері де бар. Коронавирустың осындай салдары мен оңалту жолдар бар екенін білуіміз керек. ДДСҰ-ның биыл 25 қаңтарда шыққан ұсынымы бойынша, коронавируспен ауырып емделген адам өзінің дәрігерімен телефон арқылы байланыста болып тұруы керек», - дейді ол.

 

 




Көрілген: 2237    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 17:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30