Денсаулық

Коронавирус жұқтырмау үшін сақал мен мұртты қырып тастау керек пе

  • Коронавирус жұқтырмау үшін сақал мен мұртты қырып тастау керек пе

    Коронавирус жұқтырмау үшін сақал мен мұртты қырып тастау керек пе

Коронавирус немесе басқа да вирус үшін сақал мен ұзын шашты алудың қажеті жоқ. Алайда бірнеше сақтық ережелерін ұстанған жөн деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сақал мен мұрт арқылы коронавирус тарала ма

Көрнекі фото: pixabay.com

Sputnik радиосына берген сұхбатына дәрігер-трихолог Ольга Кохас осы туралы айтып берді.

Коронавирусқа қарсы вакцина әлі күнге дейін жоқ, дегенмен проофилактикалық шараларды сақтаған дұрыс. Ереже туралы айтқанда ең алдымен есімізге медициналық бетперделер түседі.

Сонымен бірге бетперде дұрыс киілуі үшін беттегі сақалды қырып тастау керек деген аңыз да жоқ емес. Дәрігер-трихолог Ольга Кохастың айтуынша, сақал-мұртты қыру - жүз пайызға сақтандырмайды.

"Коронавирустың ұсақтығы соншалықты ол тері арқылы кіреді. Егер адам киімсіз жүрсе, жұқтыруы мүмкін деген шындыққа жанасады. Сақал мен мұрт - бұл ұзын шаштар, ал шаштың қорғаныш қызметі бар. Сақал мен мұрт - қорғаныш деп айтар едім", - деді дәрігер.
 
 

Алайда ер адамдардағы сақал мен мұрт, әйелдердегі ұзын шаш гигиена ережелерін сақтағанда ғана қорғаныш қызметін атқармақ. Кохастың сөзінше, қазір коронавирус эпидемиясының салдарынан денсаулыққа үлкен қатер төніп тұр. Оған аса мән берген жөн.

"Сақал мен мұртқа белгілі бір күтім қажет екенін түсінген жөн. Сақалды жай сумен емес, су сабынмен жуу керек. Егер беттегі шашта бөрту болса, онда сақал астындағы теріні тазартатын арнайы антисептик құралдарын қолдану керек.
Сақалды вирустың кесірінен қырып тастау емес, оған кез келген жағдайда, кез келген маусымда күтім жасау маңызды. Сақал - жау деп айтпаймын. Мұнда вирустың, әсіресе коронавирустың таралуына мүмкіндік беретіндей ештеңе жоқ", - деді дәрігер.

Еске сала кетсек, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 80 мыңнан асты.

 

 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 08:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30