Денсаулық

Коронавирус қағаз ақша арқылы жұғуы мүмкін – ДСҰ

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Вирус ақша арқылы да тарайды, ол қағазда да, пластикте де біраз уақытқа дейін сақталады, деп хабарлайды Роспотребнадзор Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сілтеме жасап.

 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирус қағаздың бетінде 3-4 күнге дейін өлмейді, ал пластикте тоғыз күнге дейін сақталады", - делінген ақпаратта.

 

Картамен төлем жасағанда құпия санды теру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

 

"Ең қауіпсізі – байланыссыз төлемдер", - деді ДСҰ.

 

Сонымен қатар азаматтарға ақшаны ұстағаннан кейін қолды бетке тигізбей, жуып тастауға кеңес берілді және ұялы телефонды дезинфекция құралдарымен тазалау ұсынылды.

 

Коронавирус індеті

 

Джонс Хопкинс институтының 16 наурыздағы мәліметіне сәйкес, әлемде 169 385 адам коронавирус жұқтырған. 6 513 адам көз жұмды, 77 257 адам аурудан айықты.

 

13 наурызда Қазақстанда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді.

 

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тоғыз адам, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, жеті адам – Алматыда. Арасында 2008 жылы туған бала бар.

 

1 641 адам станционарлық карантинге алынды, 981 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр.

 

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.

 

Төтенше жағдай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жарияланды.

 

sputniknews.kz


 




Көрілген: 129    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 13:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30