Коронавирус: «Қызыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ

11 желтоқсан 2021, 09:47

11 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта қазір ешқандай облыс жоқ.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта - Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

ҚазАқпарат.