Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Коронавирус науқастардың ақыл-ой қабілеттеріне әсер ететіні анықталды

25 қазан 2020, 02:19

COVID-19-дан айыққандар неврологиялық проблемаларға және ақыл-ой қабілетінің нашарлауына тап болды. Мұны Лондон Императорлық колледжінің ағылшын және америкалық нейрофизиологтар анықтады. Ғылыми жұмыстың нәтижелері medRxiv порталында жарияланды.

Коронавирусты әртүрлі формада еңсерген 84 мыңнан астам британдықты мамандар Great British Intelligence Test-ін қолдана отырып, есте сақтау қабілеті мен танымдық дағдыларына сынақтан өткізді. Жасы, жынысы, білім деңгейі, қызмет саласы, созылмалы аурулары ескерілді. Алынған мәліметтер инфекцияның адамдардың  мәтінді және сөздердің мағынасын түсінуіне, мәселелерді шешуіне кері әсер еткенін көрсетті. Бұл ретте сандарды, кеңістіктіктң есте сақтау қабілетінің және эмоцияны қабылдаудың айтарлықтай нашарлауы анықталмады.

COVID-19-дың ауыр түрімен ауыратын науқастар сауыққан кейін басқа жұқтырғандарға қарағанда анағұрлым ауыр психикалық проблемаларды байқады.

"Біздің талдауымыз коронавирустың танымдық функцияларға әсер етуі мүмкін деген болжамды дәлелдейді, оның тапшылығы айыққаннан кейін де сақталады", - деді зерттеу жетекшісі Адам Хэмпшир.

stan.kz