Денсаулық

Коронавирус: Нұр-Сұлтан қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Денсаулық сақтау министрлігі 8 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

8 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы.

 

Кеше «сары» аймақта тұрған елорда бүгін «қызыл» аймаққа қайта кірді.

 

«Сары» аймақта Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.

 

Кеше «сары» аймақта болған Шығыс Қазақстан бүгін «жасыл» аймаққа шықты.

 

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта.

 

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

 

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын. Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.

 

 

 




Көрілген: 2911    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 09:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30