Денсаулық

Коронавирус онлайн оқитын балаларда көптеп анықталуда

  • Коронавирус онлайн оқитын балаларда көптеп анықталуда

    Коронавирус онлайн оқитын балаларда көптеп анықталуда

Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.

Қазан айының соңында ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы барысында мектептегі оқыту бойынша - екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге дейінгі қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру туралы шешім қабылдаған болатын. 

Осы ретте Ержан Байтанаев журналистің «бұл шешімнің дәл күннің суытып, небір вирустық инфекциялардың өршитін уақытында балалар үшін қауіпті емес пе, деген сауалына жауап берді.

Жалпы ведомствоаралық комиссияның шешімі эпидемиологиялық жағдайды талдау негізінде кезекші сыныптардағы және штаттық режимде жұмыс істейтін мектептердегі оқушылар арасында аурудың таралуы, жалпы республика бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі, кейбір өңірлерде жаңа жағдайлардың тіркелмеуі ескеріле отырып қабылданған. Бүгінде оффлайн режимде оқитын оқушылардың арасындағы сырқаттанушылық деңгейі қашықтан оқитын балалар арасындағы сырқаттанушылықтан төмен. Сонымен қатар, «қызыл аймаққа» енген өңірлерді тиісті аумақтың бас санитарлық дәрігері өңірлік штатпен келісе отырып, жекелеген сыныптар мен мектептердің оффлайн оқыту режимін тоқтатуға дейін шешім шығара алады. Қалай болғанда да оқыту режимі өңірлерде екінші тоқсан басталған кездегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, яғни, 2020 жылдың 16 қарашасында шешілетін болады, - деді ол.

BAQ.KZ




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

жұма, 13.11.2020, 00:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31