Денсаулық

Коронавирус созылмалы ауруға айналуы мүмкін – академик

  • © AP Photo / Achmad Ibrahim

    © AP Photo / Achmad Ibrahim

Коронавирус кей кезде созылмалы формаға айналуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің Пирогов атындағы ұлттық медициналық зерттеу университетінің госпитальдық терапия кафедрасының меңгерушісі, респираторлық қауымдастықтың басқарма төрағасы, академик  Александр Чучалин айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

 

"Өкінішке қарай, COVID-тің созылмалы түріне екі рет, үш рет шалдығатын науқастар бар. Бұл – посковидтік кезеңдегі науқастар, яғни олар созылмалы гипоксемиясы (қанда оттегінің азаюы) бар пациенттер. Мен осы мәселеге баса назар аударғым келеді", – деді Чучалин.

 

Сондай-ақ, академик коронавируспен ауырып шыққан науқастарды оңалтуға арналған диспансерлерді құру қажеттігін ерекше атап өтті.

 

Бұған дейін Чучалин коронавируспен ауырып шыққаннан кейін өкпені күшейтудің бірнеше әдісі туралы айтқан болатын. Ол посковидтік оңалту шаралары кезінде дұрыс тамақтану қажет деп санайды. Әсіресе, Омега-3 майлы қышқылы бар өнімдерді көбірек жеген дұрыс. Соның арқасында тромбоциттердің белсенділігі төмендейді. Қабынудың қаупі де азаяды. Эпителийлерге зақым тимейді. Сосын дәрумендерді ішкен жөн.

 

Айта кетейік, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирусқа қайта шалдығудың екі жағдайы тіркелді деп мәлімдеген болатын. Себебі бүгінде инфекцияның жаңа штамдары шығып жатыр.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1025    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 19:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30