Денсаулық

Коронавирус тараған кемедегі қазақстандықтар елге қайтарыла ма – министрдің жауабы

  • © REUTERS / KIM KYUNG-HOON

    © REUTERS / KIM KYUNG-HOON

Денсаулық сақтау министрлігі сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, коронавирус тараған лайнердегі қазақстандықтарды елге қайтару мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов лайнерде қамалып қалған қазақстандықтар коронавирус жұқтырмағанын айтты. Қазақстан билігі олармен тікелей байланыста.

 

"Олар өздерін жақсы сезінеді. Араларында вирус жұқтырғандар жоқ. Біз қазір сыртқы істер министрлігімен азаматтарымызды елге қайтару мәселесін пысықтап жатырмыз", - деді ол үкімет кулуарында.
5 ақпанда Жапонияның жағасында Diamond Princess круиздік лайнердің карантинге қойылғаны туралы хабар тарады. Гонконгтің 80 жастағы тұрғынында коронавирус анықталған. Кейінірек тағы бірнеше жолаушының вирус жұқтырғаны белгілі болды.

 

Лайнер бортында барлығы 3 700 адам бар. Қазіргі кезде лайнерде 454 адам індетке шалдыққан. Карантин 19 ақпанға дейін жалғасады. Кеме 20 қаңтарда Иокогамадан шығып, 3 ақпанда қайтып келген. Бортта Қытайдың бір азаматы болған. Ол Гонконгтен түсіп, ауырып қалды.

 

 




Көрілген: 187    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30