Денсаулық

Коронавирус зертханадан шықты деген нұсқаны жоққа шығармаймыз – ДДСҰ

  • Коронавирус зертханадан шықты деген нұсқаны жоққа шығармаймыз – ДДСҰ

    Коронавирус зертханадан шықты деген нұсқаны жоққа шығармаймыз – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус зертханада жасалуы мүмкін деген нұсқаны қарастырып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус сөзінше, коронавирус қолдан жасалуы мүмкін деген нұсқаның жаны бар. Бұл тұрғыда ол сарапшылардың Қытайда деректерге қол жеткізе алмауын атап өтті. Инфекцияның шығу тегін зерттеудің екінші кезеңі басталатынын сөз еткен Гебрейесус Қытай билігін серіктестіктен жалтармауға шақырды. 

 
"Біз Қытайды серіктестіккке, деректерді жариялауға дайын болуға шақырамыз. Мен өзім зертханада жұмыс істеген иммунологпын, сондықтан зертханаларда оқыс оқиға болып тұратынын білемін. Бұл жиі кездесетін дүние. Бізге зертханадағы жағдай ауру таралмай тұрып қандай болғанын көрсететін ақпарат қажет. Егер біз қажетті мағлұматтарға қол жеткізсек, онда коронавирус зерт ханадан шыққан деген нұсқадан біржолата бас тартамыз", - дейді ДДСҰ басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ коронавирусты қолдан жасады деп Қытайды айыптаған еді. 




Көрілген: 1003    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 10:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30