Денсаулық

Коронавирусқа қарсы ең үздік вакцина анықталды

  • Коронавирусқа қарсы ең үздік вакцина анықталды

    Коронавирусқа қарсы ең үздік вакцина анықталды

5 мамыр күні Дүниежүзілік вакцина конгресінде коронавирусқа қарсы ең үздік вакцина анықталды деп хабарлайды РИА Новости. 

Басылымның мәліметінше, конгресте америкалық Moderna компаниясы мен АҚШ ұлттық денсаулық институты бірлесіп жасаған препарат коронавирусқа қарсы үздік вакцина деп танылды.

АҚШ-та және басқа да бірқатар елде қолдануға лицензиясы бар Moderna компаниясының препараты вакциналар рейтінгінде AstraZрeneca, Bharat Biotech, Janssen, Medicago, Novavax, Pfizer/BioNtech, "Спутник V" және жануарларға арналған Zoetis препараттарын басып озған.

Сондай-ақ, конгресс ұйымдастырушыларының нұсқасы бойынша Moderna вакцинасы "Үздік жаңа технология/вакцина платформасы" атанған.

Бұл санатта ол BioNtech, Inovio, Janssen, Medicago, Novavax, Vaccitech және GeneOne Life Science өнімдерін артта қалдырып отыр. Дегенмен финалистер мен жеңімпаздардың қалай таңдалғаны хабарланбаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін астаналықтарға 6 мамырдан бастап Sinopharm өндірген Hayat-Vax вакцинасы салына бастайтынын хабарлаған едік.

Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың сөзінше, елордалықтар QazVak, Спутник V немесе Sinopharm вакциналарының бірін таңдай алады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой америкалық компаниялармен келіссөздер жүргізілгенін, алайда вакцинаның нақты жеткізілетін күні белгіленбегенін айтқан болатын. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 6716    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30