Денсаулық

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны 600-ден астам адам сынап көрмек

  • Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны 600-ден астам адам сынап көрмек

    Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны 600-ден астам адам сынап көрмек

 627 адам коронавирустық инфекцияға қарсы қазақстандық "QazCovid-in" вакцинасының клиникалық сынақтарына қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақтарына қатысуға еріктілерді қабылдауды жалғастыруда. Құжаттарды қабылдау осы жылдың 10 қыркүйегінде аяқталады. Бүгінгі күні 627 адам біз жасаған вакцинаны өздеріне салдыруға ниет білдірді. Бірінші кезеңде біз 44 адамды, екіншісінде 240 адамды іріктеуді жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Комитеттегілер еріктілердің вакцина туралы жоғары хабардарлығына, қазақстандықтардың жағымды мотивациясы мен патриотизміне тәнті екенін атап өтті.

"Мұндай сенім іс жүзіндегі қолдау ғана емес, сонымен қатар біз сияқты өндіруші үшін және бүкіл қазақстандық ғылымға үлкен моральдық қолдау болатыны анық. 627 адамның әрқайсысы, тіпті олар еріктілер қатарына кірмесе де, біз үшін батыр деуге болады. Біз оларға барлық қазақстандықтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға қосқан жеке үлесі үшін өте ризамыз", - деді БҚПҒЗИ бас директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Бұған дейін коронавирусқа қарсы ең үздік 200 вакцинаның ішінде қазақстандық вакцина бар екені хабарланды.

Stan.kz




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 19:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31