Денсаулық

Коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасының кері әсері анықталды

  • Коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасының кері әсері анықталды

    Коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасының кері әсері анықталды

 Қазақстандық зейнеткерлерге коронавирусқа қарсы екпе салынбауы мүмкін. Өйткені әлемде алғаш деп мақтанған ресейліктердің вакцинасының кері әсері табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Енді аяғы ауыр әйелдер, балалармен қоса, жасы 60-тан асқандарға бұл екпені ала алмайды. Денсаулық сақтау министрлігі «Спутник 5» вакцинасынан көз алмай бақылап отыр.

"Бұл вакцина клиникалық сынақтан өткізіліп жатыр. Ол сынақтар екпені алып жатқан 1000 адамның ағзасына тигізер әсерін айқындап береді. Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының деректері бойынша, препараттың бірінші және екінші фазасында жанама әсерлер болған. Біз әрі қарай вакцина құрылымын зерттеп, қорытынды шығарамыз", - дейді ҚР ДСМ комитет төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер Қазақстан қазір таңдаудың екі ортасында тұрғанын және көрші елмен жасасқан келісім-шарт вакцинаны Ресейден сатып алуды міндеттемейтінін айтады.

Шамамен он күн бұрын еліміз ресейліктердің екі миллион дана вакцинасын сатып алуға келіскен-ді. Препарат барлық клиникалық сынақтан өткен бойда елге жеткізіледі. Қауіп тобына кіретін қазақстандықтарға иммундау тегін және ерікті негізде жүргізілмек.

Skifnews.kz




Көрілген: 1586    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.09.2020, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31