Денсаулық

Коронавирусқа қарсы вакцина қанша теңге тұруы мүмкін

  • Коронавирусқа қарсы вакцина қанша теңге тұруы мүмкін

    Коронавирусқа қарсы вакцина қанша теңге тұруы мүмкін

Коронавирусқа қарсы вакцинаның құны шамамен 2 200-4 500 теңге аралығында болуы мүмкін, деп атап өтті Бағдат Қожахметов

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы әзірге белгісіз, бірақ болжаммен 2200-4500 теңге аралығында болуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирусқа қарсы вакцина, сіздер білесіздер, әлі дайын емес. Оның бағасы қандай болатыны әзірге белгісіз. Жалпы, болжамдарға қарағанда, тұмауға қарсы вакцинаның бағасымен сәйкес келуі мүмкін", - деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекеновтің айтуынша, тұмауға қарсы вакцина 2 200-4 500 теңге аралығында.

Вакцина халықтың тәуекел тобына, яғни, мүгедектерге, жүкті әйелдерге, балаларға, медицина қызметкерлеріне тегін егіледі. Бұл үшін екі миллион доза сатып алынды. Қалған азаматтар вакцинаны өз ақшасына салдыра алады.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" және оксфордтық вакциналар сатып алынуы мүмкін екенін айтты. Осыған қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Қазақстандық ғалымдар да өз вакцинасын әзірлеуде. Отандық QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынағына қатысуға 627 адам ниет білдірді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 31 шілдеде қазақстандық инактивтелген QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтарға жіберілген кандидаттық вакциналар тізіміне енгізді.

Вакцинаны әзірлеген жеті маман вируспен үнемі жұмыс істегендіктен, қауіпсіздік мақсатында екпені алғашқылардың бірі болып өздеріне салды. Еріктілердің арасында институт директоры да бар. Талдау нәтижесі бойынша бәрінің ағзасында вирусқа антидене түзілген. Қызметкерлердің жағдайы жақсы, ғылыми-техникалық бағдарлама аясында жұмысын жалғастыруда.

 

 




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 20:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31