Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Коронавирусқа қарсы вакцина Қазақстанға қашан келеді: Министр айтып берді

21 шілде 2020, 17:29

 Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы шетелдік вакциналардың Қазақстанға қашан келетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр вакцинаға қатысты пікір білдірді. Қазақстанға вакцина барлық зерттеу жұмыстары толығымен жүргізілгеннен кейін ғана келетін болады. Қазіргі таңда, министрлік әлемде шығып жатқан вакциналардың барлығын қадағалап отыр.

"Қазақстан әртүрлі елдердің әртүрлі вакциналарын зерттеп жатыр. Олар клиникалық сынақтардың әр түрлі кезеңдерінде. Біз Ресей вакцинасын білеміз, сонымен қатар ресейлік әріптестерімізбен белсенді түрде жұмыс істейміз. Жеткізу мерзімі вакциналардың клиникалық сынақтардың барлық кезеңінен өткендігі туралы ресми растау болған кезде болады. Мұндай мәліметтерді алған кезде біз нақты деректер қарастырамыз", - деді Цой ОКҚ-дегі онлайн-брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейлік коронавирусқа қарсы вакцинаның адамдарға қауіпсіз екені анықталған болатын.

Елімізде коронавирус жағдайы тұрақтанып, карантин шараларын әлсірету туралы министр айтып берген еді.

Stan.kz