Денсаулық

Коронавирусқа қарсы вакцина кейбір адамдарға көмектеспейді – вирусолог

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Страсбург университетінің молекулярлық биология және вирусология саласындағы PhD докторы, ғалым Әсел Мұсабекова коронавирусқа қарсы вакцинаның кейбір адамдарға не себепті көмектеспейтінін түсіндірді,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Мысалы, "Спутник V" сияқты векторлық вакцинаны алсақ, ондай вакциналар аденовирустар негізінде жасалады. Ал аденовирус &ndash жыл сайын тұмау мауысымы кезінде таралатын вирустар. Олардың түр-түрі болады. Бізде көп аденовирусқа қарсы иммунитет қалыптасқан. Ал "Спутник V" вакцинасында адамның екі аденовирусын қолданған. Біреуі &ndash 5-ші аденовирус, екіншісі &ndash 26-шы аденовирус. Оларға қазіргі COVID-19-дың бір бөлшегін қосып қояды. Осылайша векторлар, яғни аденовирустар адам ағзасындағы жасушаларға жаңа вирус туралы "ақпарат" жеткізеді де, антиденелер бөліне бастайды, қорғаныс жүйесі қалыптасады", - деді Мұсабекова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

 

Алайда кей кезде ондай реакция болмай қалуы да мүмкін. Себебі адамда вектордың өзіне иммунитет болады. 

 

"Демек бізде вектордың өзіне, яғни аденовирусқа қарсы иммунитет болса, онда вакцина әсер етпеуі де мүмкін. Яғни біздің ағзамыз вакцинаның өзін "жеп қояды". Ол жасушаға да кіріп үлгермейді. Міне, осыған байланысты вакцина кейбір адамдарға көмектеспеуі де ықтимал", - деп атап өтті Мұсабекова.

 

Оның айтуынша, ресейлік ғалымдардың екі компонетті вакцинаны шығарудың себебі де сол. Адамда 5-ші аденовирусқа иммунитет болса, 26-шы аденовирусқа болмай қалуы мүмкін. Сол себепті алдымен вакцинаның бір компонентін салады. Ал 21 күннен кейін екінші компонентін егеді. Осылайша, бір компонент екіншісін күшейтеді де, вакцинаның тиімділігі артады. Сосын ресейлік ғалымдар сирек кездесетін аденовирустарды әдейі таңдаған. Негізгі мақсат &ndash оларға қарсы иммунитетті айналып өту. Дегенмен екі аденовирусқа да иммунитеті бар адамдар кездеседі.

 

"Векторлық вакцинаның ерекшелігі сол, оны шығарғанда да адамның аденовирустарын қолданады. Жалпы, кез келген вакцина 100 процентке қорғай алмайды. Дегенмен коронавирусқа қарсы екпелер аурудың асқынып кетуінен және індеттің ауыр формасынан қорғайды. Сондықтан ондай адамдар коронавирусқа шалдықса да, коронавирустың жеңіл түрімен ауырады. Осылайша вакцинация инфекцияның өзінен қорғай алмаған күннің өзінде ауыр салдарынан қорғайды. Ал коронавирус кезінде бұл &ndash маңызды мәселелердің бірі", - дейді Мұсабекова.

 

Осы орайда ғалым қазақстандық "QazCovid-in" вакцинасына да тоқталды. Оның айтуынша, бұл &ndash инактивті вакцина. Ондайда тұтас бір вирусты сан алуан химикаттармен зиянсыз қылады да, белсенділігін төмендіп қояды. 

 

"Бұл әдістің өзіндік қиыншылығы мен артықшылығы бар. Қиындығы сол, вирустарды өсіріп, инактивация жасау үшін III деңгейдегі биологиялық қауіпсіздігі бар зертхана қажет. Қазақстанда ондай зертхана бар. Әрине, оған көп ақша және көп уақыт кетеді. Ал векторлық вакциналар тез жасалады. Сосын коронавирустың бір ғана бөлшегін қосады. Ал инактивті вакцинаның артықшылығы, оны шығарғанда тұтас вирусты қолданады. Белсенді емес вирусты адам ағзасына енгізгеннен кейін жасушалар оны орап алады да, иммундық жүйеге жан-жағынан "таныстырады". Сөйтіп, сан алуан антиденелер қалыптасады, жақсы қорғаныс болады", -  дейді Мұсабекова.

 

 

 




Көрілген: 2933    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.02.2021, 14:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30