Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар туралы мәлімет

12 сәуір 2021, 13:25

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, елде 338 мың 582 адам коронавирусқа қарсы егілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Аймақтар арасында Алматы қаласы көш бастап тұр.

 

Мегаполисте екпенің алғашқы дозасын 76 мыңға жуық адам салдырған.

 

Сондай-ақ Түркістан жұртшылығы да белсенді. Мұнда індетке қарсы егілгендер қатары 30 мыңнан асты.

 

Ал елордада 29 мың 870 тұрғын екпе алды.