Денсаулық

Коронавируске қарсы қазақстандық вакцинаның 1 дозасы қанша тұрады

  • Коронавируске қарсы қазақстандық вакцинаның 1 дозасы қанша тұрады

    Коронавируске қарсы қазақстандық вакцинаның 1 дозасы қанша тұрады

Елімізде коронавирус індетіне қарсы әзірленіп жатқан вакцинаның болжамды бағасы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19 індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаның құнына келсек, вакцинаның 1 дозасын әзірлеуге 2,5 АҚШ доллары жұмсалуда. Бұл вакцинаның ғана бағасы. Одан бөлек, оны тасымалдау яғни жеткізу және басқа да шығындарды есептеңіз. Сондықтанда вакцинаның 1 дозасының түбегейлі бағасы 2,5 доллардан қымбат болады деп ойлаймын. Соған қарамастан біздегі мәліметтерге сәйкес, қазақстандық вакцинаны өз бағасындағы арзан өнім деп айтуға болады», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья «GYLYM TALKS» атты онлайн жоба барысында.

Оның айтуынша, отандық вакцинаны алдымен індет қаупі тобындағы адамдарға егу қажет.

«Олардың қатарына алдымен медицина мамандары жатады. Өйткені, әлемнің барлық елдерінде бір ғана тактика бар, яғни вакцинаны алдымен қауіпті топқа жататын және солармен байланысқа түсетін адамдарға егу. Вакцина - ол профилактилкалық құрал. Және ол ағзаны індет жұққан жағдайда иммундық тұрғыдан қарсы тұруға дайындайды», - дейді ол.

Бұған дейін коронавирус індетіне қарсы әзірленген қазақстандық вакцинаның 3 мың еріктіге сынақ жасалатыны туралы хабарлаған болатынбыз.




Көрілген: 802    Пікірлер: 0

жұма, 13.11.2020, 07:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31