Денсаулық

Коронавируспен ауырғандарда психикалық ауытқуға бейім болады- ғалымдар

  • Коронавируспен ауырғандарда психикалық ауытқуға бейім болады- ғалымдар

    Коронавируспен ауырғандарда психикалық ауытқуға бейім болады- ғалымдар

Коронавируспен ауырып шыққандар психологиялық проблемаларға көбірек бейім болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС -ге сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесі бойынша ғалымдар осындай тұжырымға келді. Оның негізінде коронавирусты жұқтырғандардың 20% -ында 90 күн ішінде психикалық ауытқулар пайда болады екен. Коронавируспен ауырып шыққан әрбір бесінші адамда белгілі бір психикалық ауытқулар дамиды, дейді ғалымдар, бірақ олар неге екенін әлі білмейді.

Оксфорд университетінің зерттеушілері Сovid-19-бен ауырып шыққан науқастарды зерттеген. Адамдарда аурудан айығып шыққаннан кейін психологиялық проблемалар туындаған, бұл ең алдымен мазасыздық, депрессия және ұйқысыздық. Сондай-ақ ғалымдар деменцияның (ақыл-ой қабілеттерінің жалпы нашарлауы) даму қаупі және мидың кейбір функцияларының нашарлауы айтарлықтай артатынын атап өтті.

«Дәрігерлер мен ғалымдар мұндай адамдарда психологиялық ауытқулардың дамуына не себеп болатынын анықтап, оларды емдеудің жаңа тәсілдерін жасауы керек», - деді психиатрия профессоры Пол Харрисон.

АҚШ-та зерттеушілер компьютерлік модельдеуді қолдана отырып, егер билік карантиндік шектеулер енгізбесе және адамдар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамаса, барлық тұрғындардың 30% ауру жұқтырады деген қорытындыға келді.

Зерттеу авторларының айтуынша, адамдар көбінесе мейрамханаларда, спорт залдарда, қонақ үйлерде және кафелерде вирус жұқтырады, ал егер халық оларға барудан бас тартса, қыста инфекцияның белсенді түрде таралуын болдырмауға болады.




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2020, 08:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31