Денсаулық

Коронавируспен ауырғаныңызды растайтын бес белгі

  • Коронавируспен ауырғаныңызды растайтын бес белгі

    Коронавируспен ауырғаныңызды растайтын бес белгі

Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің ғалымдары адамдар коронавирус жайлы ресми түрде жарияланбастан бұрын онымен ауыра бастаған деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, осыған байланысты бұған дейін тіркелмеген жағдайлар да болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ kdpconsulting.ru сайтына сілтеме жасап. 

Дәрігерлер жаңа вирусты жұқтырған бірнеше мың пациентіне сауалнама жүргізіп, коронавируске тән бес негізгі белгілерді анықтады. Ең алдымен, ғалымдар науқастарда иіс пен дәм сезу қабілетінің жоғалатынын атап кетті. Бұл белгілер туралы COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациенттердің 59%-ы хабарлаған. Гарвард медициналық мектебінің ғалымдары мұрынның бірқатар жасушаларында ақуыздардың барын сөз етті. Коронавирус алдымен сол ақуыздарға соққы береді, ал содан кейін инфекция ағзаға енеді. Сондықтан тек осы белгілер байқалған адамдар коронавирустың негізгі тасымалдаушылары болып табылады екен. Олар өздерінің вирус жұқтырғанын түсінбейді, бірақ басқаларға оны тарататын көрінеді. 

Ғалымдар екінші белгі ретінде іш ауруын атады. Өйткені бұл өкпенің төменгі бөлігінде пневмонияның туындауын көрсетуі мүмкін. Қытайдың Ухань қаласында көптеген науқастарда болған диарея коронавиурстың үшінші белгісі ретінде танылды. 

Сонымен қатар, жеңіл фолликулдық конъюнктивит пен шаршаңқылық сезімі де вирус жұқтыру белгілері қатарына енді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік вирсуолог коронавирус пен адамзаттың бір-біріне қашан үйренісіп кететінін айтып берген еді. Сондай-ақ, америкалық ғалымдар зерттеу жұмысын жүргізе келе коронавирус жұқтырған науқастарда пайда болатын жаңа синдромды анықтаған болатын. 




Көрілген: 926    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 18:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30