Денсаулық

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 304-ке жетті

  • Коронавирустан қайтыс болғандар саны 304-ке жетті

    Коронавирустан қайтыс болғандар саны 304-ке жетті

 Аса қауіпті коронавирустан қайтыс болғандар мен жұқтырғандар саны күн санап артуда. 1-ақпан күнгі шыққан мәліметке сүйенсек, 304 адам қайтыс болып, вирусты жұқтырғандар саны 14551-ге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "South China Morning Post" басылымы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеп хабарлады.

Қаза болғандардың барлығы вирус ошағы Хубэй провинциясында тіркелген. Жұқтырғандардың арасында 1118 адам ауыр халде, 444 адамның жағдайы қиын, 328 адам ауруханадан шығарылды.

Сонымен қатар, коронавирустың жаңа түріне күдікті 43 121 оқиға тіркелді. Дәрігерлердің қадағалауында вирусты жұқтырғандармен тығыз байланыста болған 137,6 мың адам бар.

Айта кетейік, күндіз 11 мың 791 ауруға шалдыққан және 259 қайтыс болған туралы ресми түрде хабарланған болатын.

Гонконг университеті ғалымдарының ақпаратына қарағанда, Уханьдағы коронавирусты жұқтырғандар саны 75 мыңнан астам адамды құрауы мүмкін.

Вирус кем дегенде 23 елде тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирусты халықаралық төтенше жағдай деп жариялады.

АҚШ, Еуропа елдері, Ресей, Австралия және Сингапур індетін тоқтату үшін Қытай азаматтары мен жақында Қытайда болған шетелдіктерді елге кіргізбеу туралы шешім қабылдаған еді.

 




Көрілген: 150    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.02.2020, 10:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30