Денсаулық

Коронавирусты жай тұмаудан қалай ажыратуға болады

  • Фото: Twitter / Echinanews

    Фото: Twitter / Echinanews

CoViD-19 вирусын жұқтырғандар саны 179 мыңнан асты, оның 7,4 мыңы көз жұмды. Қытайдағы Ухан университеті жанындағы Чжуннань ауруханасының ғалымдары вирустың күннен күнге қалай құбылатынын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап.

 

Коронавирустың бір қаупі – бұл індетті суық тиюмен шатыстырып алу өте оңай екен.

 

CoViD-19 инфекциясын алғаш тіркеген ухандық мамандар 138 пациентті зерттеп, ауру ағымын кезеңдерге бөлген. Осылайша, аурудың екі негізгі кезеңі аталды.

 

Біріншісі 7 күнге созылады. Бірінші күндегі кең тараған алғашқы белгісі – қалтырап, қызу көтерілу. Науқастардың 99%-ында жоғары температура байқалған.

 

Екінші күні қатты шаршау сезіледі. Сондай-ақ, құрқақ жөтел пайда боп, бұлшықеттер ауырады. Кейбір жағдайда лоқсу және іш өту байқалады.

 

Жетінші күн – бұл кезеңнің аяғы. Демек, ауру жұқтырғандардың 85%-ының денсаулығы дұрыстала бастайды. Мұндай жағдайда егер сіз өзін-өзі оқшаулауда болсаңыз әрі ешкіммен байланыс орнатпасаңыз, жұмысыңызды жалғастыруыңызға болады.

 

Алайда, егер жетінші күні тыныс алу жолдары қиындаса, онда бұл – екінші кезең басталғанының белгісі.

 

Екінші кезең тағы екі аптаға созылады, алайда бұл вирус жұқтырғандардың 15 пайызына ғана қауіпті. Мұндай кезде ауруханаға қаралған жөн, себебі пациент ауруханаға жатуды қажет ету мүмкін. Әдетте науқас коронавирустан 17-күні қайтыс болуы мүмкін. 21-күні екінші кезең аяқталады.

 

Осы екі кезеңнен өткен науқастар жұмысын жалғастыруға қауқарлы болады. 




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 10:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31